ҰЛЫТАУ МЕШІТТЕРІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ұлытау өкілдігіне қарасты бірқатар мешіттерде балалар арасында Құран сайыстары өтті.

Игі шараның басты мақсаты – жас буынның Құран Кәрімді оқу мәдениетін қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру және рухани құндылықтарға баулу. Сайысқа әртүрлі жас санатындағы балалар қатысып, Құран сүрелерін жатқа айту, тәжуид талаптарын сақтау бойынша бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Мұндай сайыстар балалардың діни білімге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне де оң ықпал етеді.

Айта кетейік, Құран сайыстары алдағы уақытта да өңір мешіттерінде дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.