Сәтбаев қалалық “Сәдуақас Ошақұлы” мешітінде “Жастар және жасанды интеллект” тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға мешіт шәкірттері қатысып, заманауи технологиялардың қоғамдағы рөлі мен жасанды интеллекттің даму бағыттары жөнінде маңызды мағлұмат алды.
Семинарды Сәтбаев индустриялды колледжінің мұғалімі Нағашыбай Қайрат Әскербекұлы жүргізді. Ол өз баяндамасында жасанды интеллекттің білім беру, өндіріс және күнделікті өмірдегі қолданысына тоқталып, жастарды технологияны тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалануға шақырды.

