ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігіне қарасты мешіттерде қайырымдылық жәрмеңкелер өтіп, айт дастарқаны жайылды.
Айтулы мереке аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының Ұлытау облысы бойынша жауапты мамандары арқылы мұқтаж және аз қамтылған отбасыларға құрбандық еттері мен азық-түлік себеттері таратылды.
Балаларға арналған сыйлықтар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, жамағатқа арналып дастарқандар жайылды. Қайырымдылық жәрмеңкелері мен спорттық шаралар өтті.
Құрбан айт – бауырмалдық пен мейірімділікті насихаттайтын рухани мереке. Биылғы іс-шаралар ел ішіндегі ынтымақ пен жанашырлықты нығайтуға үлес қосты.