Сәтбаев қалалық “Сәдуақас Ошақұлы” мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне балалар арасында Құран Кәрімнің қысқа сүрелерінен жарыс ұйымдастырылды.
Рухани сайысқа барлығы 12 шәкірт қатысып, өзара білімдері мен жаттаған сүрелерін ортаға салды. Жарыс қорытындысы бойынша:
• 1-орын – Додобоев Бахром
• 2-орын – Ахметов Нұрасыл
• 3-орын – Амангелді Әнас
Жарыс соңында барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, балаларға алғыс пен ізгі тілектер айтылды. Мешіт бас имамы Сағындық Мұхиденұлы мұндай шаралар жас өрендердің діни білімін арттырып, рухани тәрбие беру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.








