Жаңа оқу жылы қарсаңында Сәтбаев қаласында «Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» атты «Мектепке жол–2026» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шараға Сәтбаев қаласындағы екі мешіт пен «Бірлігі жарасқан жамағат» еріктілер тобы ұйытқы болды. Акция аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан 50 балаға қаржылай көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау білдіріп, олардың мектепке қажетті құрал-жабдықтарын дайындауына көмек көрсету.

Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлап, білім жолына жасалған үлкен қолдау болды.