Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен ел аумағындағы барлық мешіттерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Экологиялық акциядан Ұлытау облысы да қалыс қалмады.
Игі шара Ұлытау облысына қарасты барлық мешіттерде бастау алып, мешіт аумағындағы қоқыстар шығарылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесіп, тазалық шарасына белсене қатысты.
Шараға қатысқан имамдар қоршаған ортаны таза ұстау – мұсылманның көркем мінезі мен иманының бір көрінісі екенін атап өтті. Олар жамағатпен бірге мешіт айналасындағы қоқыстарды жинап, тазалық мәдениетін насихаттады.
Айта кетейік, Ұлытау облысындағы мешіттер мен жамағат өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына тұрақты түрде ай сайын қатысып, қоршаған ортаны қорғауға, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып келеді.







