Ұлытау облысының Діни бірлестіктер клубы мүшелері арасында ұйымдастырылған үстел теннисінен жарысқа мешіт өкілдері де қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша үміткерлер жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, І орынды «Ұлытау» қайырымдылық мекемесінің директоры Мұсаев Абдурроһман Асқарұлы иеленді.

Ал ІІІ орынға мешіт жамағаты Әлішеров Дарын Әбденұлы лайық деп танылды.

Осылайша, ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің үміткерлері спорттық додада белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсетті.