«Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары студенттері арасында Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша V республикалық Құран сайысы өтті.
Білім сайысында еліміздің әр өңірінен келген студенттер қасиетті Құранды жатқа оқу бойынша өзара бақ сынады. Сайыс нәтижесінде «Құранның 30-парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша мешіт жамағаты және «Ұлытау» қайырымдылық мекемесінің шәкірті Әлішеров Дарын жүлделі І орынға ие болды.
Бұл жетістік – шәкірттің Құран ілімін меңгерудегі табандылығы мен ұстаздарының еңбегінің жемісі.
