Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде алқа мүшелерінің кезекті мәжілісі өтті. Жиынға Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы және мешіттің алқа мүшелері қатысты.
Мәжіліс барысында жыл қорытындыланып, діни саладағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Көтерілген мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.
Күн тәртібінде алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық мәселелері де қаралып, мешіттерде атқарылатын іс-шаралар мен ұйымдастыру жұмыстары пысықталды.
Сондай-ақ жиын барысында 16 желтоқсан күні қаза болған қайраткерлердің рухына Құран бағышталды.


