Жұма күні Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жұма намазынан соң қуғын-сүргінге ұшыраған алаш зияткерлеріне арналған Құран хатым шарасы өтті.
Қасиетті жұма күні мешітте «Қоршаған орта – аманат» тақырыбында насихат айтылып, жұма намазы оқылды. Намаздан соң ел үшін қам жеп, қуғын-сүргінге ұшыраған алаш зияткерлерінің есімдері аталып, құран хатымның дұғасы жасалды.